RU
Толық нұсқаға өту

Үлкен Алматы өзенінен 20 тонна қоқыс жиналды

02.04.2026, 23:50 38

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсенділері Үлкен Алматы өзенінің жағалауын тазалады.

Науқанға елдің 16 қаласынан мыңға жуық белсенді жиналды. «Елдің әр шаршы метріне өз үйіңдей құрметпен қара» деген ұстанымды ту еткен жастар, жағалаудағы тұрмыстық және қатты қалдықты жинап, 20 тонна қоқыс шығарды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының мақсаты - бұлақ көзін ашып, тал егу және қоршаған ортаны қоқыстан тазарту. Осы арқылы тұрғындарды отансүйгіштікке, табиғатты аялауға шақыруды көздейді. Игі іс алдағы уақытта басқа өңірлерде жалғасады.

Алмат Қуаныш, «Жаңа адамдар» жастар қозғалысының белсендісі:

- «Қазақстан - менің жауапкершілігім» атты ойлау жүйесімен өмір сүретін болсақ, біздің мемлекетте экологиялық та, адамның сана-жүйесіне байланысты немесе кез келген сфераларда мәселелердің болу мүмкіндігі өте азаяр еді. Себебі «Қазақстан - менің жауапкершілігім» деп өмір сүретін адамдардың барлығы елде болып жатқан мәселелерге бейжай қарамайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz