RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Толық адам» кітабының таныстырылымы өтті

03.04.2026, 17:14 29

Астанада мүмкіндігі шектеулі 45 қазақстандық кәсіпкердің өмірінен сыр шертетін «Толық адам» кітабының таныстырылымы өтті. 

Олар Абай философиясынан рухтанып, оны өмірлік ұстанымы ретінде қабылдаған. Жинақта әр кейіпкердің өмір жолы сипатталып, Абай идеяларының қазіргі кәсіпкерлік тәжірибеде қалай көрініс табатыны айтылған. Кітаптың авторы Шумайла Юсуфзайдың айтуынша, бұл туынды арқылы ақын іліміндегі ақыл, білім, еңбекқорлық сияқты қасиеттердің маңызын көрсетуге тырысқан.  Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар, кәсіпкерлер және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты.

Вакар Ахмад, Nazarbayev University президенті, профессор:

- Назарбаев Университеті тек сапалы білім беріп қана қоймай, кәсіпкерлікті, соның ішінде инклюзивті кәсіпкерлікті де қолдайды. Бұл тек ғылым туралы емес, ең алдымен, адамдар туралы. Мұндай кәсіпкерлік қоғамның толыққанды дамуына ықпал етіп, маңызды әлеуметтік рөл атқарады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz