RU
Толық нұсқаға өту

Жақсылық Омарға үкім шығарылды

03.04.2026, 18:42 41

Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы жоғары лауазымды шенеунікке қатысты резонансты іс бойынша сот үкімі шықты. 

Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ірі көлемдегі алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танылды. Іс екі эпизодтан тұрады. Бірінші эпизод Өскемен қаласының әкімі қызметін атқарған кезеңге қатысты. Тергеу мәліметінше, сол уақытта ол алаяқтық жолмен қымбат автокөлікті иемденіп, кейін оны үшінші тұлғаның атына рәсімдеген. Кейін бұл көлікті жаңасына ауыстырғаны анықталды. Екінші эпизод оның облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіндегі уақытына байланысты. Айыптаушы тараптың дерегіне сәйкес, ол қала әкімдігі қызметкерінен 20 миллион теңге талап еткен. Сот барысында Жақсылық Омар өз кінәсін мойындады.

Жақсылық Омарға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын беру және оның мүлігін – Toyota Camry маркалы автокөлігін  тәркілеу, сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан шектеу туралы үкім шығарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz