RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетауда алаяқтар зейнеткердің ақшасын жымқырды

03.04.2026, 18:46 41

Көкшетауда интернет алаяқтарға алданған 85 жастағы зейнеткер баспанасынан айырылды. Оған қоса, депозиттегі бүкіл ақшасын да шешіп берген.

Шығын көлемі 13 млн. теңгеден асады. Алдымен алаяқтар жәбірленушіге Әділет органдарының қызметкері болып хабарласқан. Оның атынан шетелге ақша аударымдары жасалып жатқанын айтып, жедел құжаттарын рәсімдеуге көндірген. Алаяқтардың сөзіне сеніп қалған зейнеткер депозитіндегі 3,4 миллион теңгені курьер арқылы беріп жіберген. Қарияның тұрғылықты баспанасын да сатқызып, 10 млн теңгеге жуық қаржысын қолды қылған. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Райымбек Дүйсенбаев, ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары:

- Қазіргі таңда Көкшетау қаласында 75 жастағы тұрғын курьер ұсталды. Дроппер ретінде. Одан бүкіл тергеу әркеттері онымен жүргізілді. Жауап алынды. Қазіргі уақытта бүкіл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бізде 179 факт интернет алаяқтық тіркелді. Шығын көлемі 203 млн.теңгені құрады. Оның 16 млн.теңгесі қайтарылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz