Қостанай облысында көктемгі су тасқынының белсенді кезеңі ресми түрде аяқталды.
Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта өңірдің солтүстік бөлігінде шамамен 10 пайыз ғана қар қалса, қалған аумақ толықтай құрғап кетті. Биыл алдын ала кешенді дайындық пен жедел әрекеттің арқасында бірде-бір елді мекенді су басқан жоқ. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары дер кезінде ұйымдастырылып, қауіптің беті қайтарылды. Атап айтқанда, Мичурин ауылында жол жиегімен аққан қарғын су сол күні тоқтатылды. Қазіргі таңда ауыл маңындағы «Мелиоратор» бау-бақша қоғамының саяжай учаскелері де құрғады. Әлеуметтік желілерде тараған «саяжай аумағын су басты» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мәлімдеді. Жалпы өңірдегі жағдай тұрақты, тұрғындар үшін қауіп жоқ.
Айдана Манат, Қостанай облысы ТЖД ресми өкілі:
- Қостанай облысында ахуал тұрақты, жағдай бақылауға алынды. Тұрғын үйлер мен аулаларды су басу фактілері тіркелмеді. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып жатыр. Тіпті қазірдің өзінде біз Мичурин ауылында тұрмыз. Осы ауылдың көшелерін аралап, қарап жүрміз. Бұл жақта жағдай тұрақты.
Тегтер #Қостанай облысы #су тасқыны #белсенді кезеңPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz