RU
Толық нұсқаға өту

Трансшекаралық өзендерге бақылау күшейтіледі

03.04.2026, 21:08 45

Шу және Талас трансшекаралық өзендеріне төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бақылау күшейтіледі. 

Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан арасында жедел ақпарат алмасу мүмкіндігі кеңейтіледі. Заманауи цифрлық құрылғылармен жабдықталған қосымша бақылау бекеттері трансшекаралық өзендердің бассейндеріне орнатылады. Мамандар Орталық Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан өзендер мен су айдындарының жағдайын уақытылы бақылауға міндеттеледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы кеңесінің отырысында айтылды. Жиын Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Қанатбек Чыныбаевтың төрағалығымен өтті. Кездесуде Орталық Азия елдеріндегі табиғи апаттарға қарсы іс-қимыл саласындағы бірқатар жоба таныстырылды.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біздің орталық өз жұмысын жақсы деңгейде атқарып жатыр. Екі елдің ынтымақтастығы, осы төтенше жағдайлар саласы бойынша, біздің елдердің азаматтық қорғау саласына нақты көпір ретінде санауға болады бұл орталықты. Осы центрдің қатысушыларын мемлекеттерін көбейту жайында талқыладық. Сондықтан да осы жақын арада тәуелсіз мемлекеттер достастығының мүшелері осы центрге қосылады деген, үміттеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz