Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжатта ұлы ойшылдың мұрасын зерделеу, сақтау және насихаттау, сондай-ақ Түркістанды рухани туризмнің негізгі орталықтарының бірі ретінде дамытуға бағытталған 37 іс-шара қарастырылған. Жоспарда институционалдық және құқықтық базаны жетілдіру, ғылыми-зерттеу және білім беру ісі, мәдени-ағартушылық және шығармашылық жобалар, ақпараттық-имидждік және халықаралық іс-шаралар, сондай-ақ қалпына келтіру сияқты бес бағыт қамтылған. Жастармен және мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Іс-шаралардың басым бөлігі Түркістан қаласында өтеді. Атап айтқанда, қалада оқушылар арасында дәстүрлі «Ясауитану» байқауының республикалық кезеңін өткізу, ал музей жанынан «Ясауитану» клубын ашу жоспарланып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қожа Ахмет Ясауи #мұраPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz