Екі жыл бұрын ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы биыл да жалғасын тапты.
Қазір өңірлерде тазалық, абаттандыру іс-шаралары өтіп жатыр. Мәселен, Семей қаласында күн жылысымен тазалық сенбіліктері басталды. Бұл тұрғыда жастардың қосып жүрген үлесі зор. Мәселен, «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының белсенді жастары мен жергілікті тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштерді ретке келтіріп, саябақтар мен парктерде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, биыл табиғатты қорғау акциясы аясында облыстың барлық аудандарында ағаш отырғызылады. Жасыл желектің аумағын 500 гектарға дейін ұлғайту көзделген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #Абай облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz