RU
Толық нұсқаға өту

С. Жұманғарин ақмолалық фермерлермен кездесті

04.04.2026, 19:00 37

Елде жыл бойы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту қажет.

Сондай-ақ аграрлық селекция саласында қолдан ұрықтандыру ісін дамыту мүмкіндігіміз бар. Ауыл шаруашылығына қатысты осы және өзге ұсынстарды Ақмола облысының фермерлері, аймаққа жұмыс сапарымен барған Вице-премьер ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен кездесуде жеткізді. Шаруалар жергілікті және импорттық асыл тұқымды малды субсидиялау шарттарын теңестіру мәселесіне назар аударды. Себебі біздің асыл тұқымды мал сырт жердікінен кем түспейді. Серік Жұманғарин импортқа тәуелді азық-түлік өндірісін дамыту, қайта өңдеуді тереңдету басым бағыттар болып қала беретінін айтты. Мемлекет бүгінде саланы қолдау құралдарын күшейтті. Биыл мал шаруашылығын дамытуға, басты назар аударылып отыр. Кездесуде Салық кодексінің жаңа нормалары, Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жайы талқыланды. Кешенді жоспарды жүзеге асыруға 374 млрд теңге қарастырылып отыр. Жиын барысында шаруалар өз сауал-дарын қойып, толық жауап алды. Жұмыс сапары шеңберінде Серік Жұманғарин бірқатар кәсіпорынды аралады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz