Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Шөптікөл» бөгетін су бұзып кетті. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Су алқаптарға жайылып жатыр. «Астана-Қорғалжын» республикалық автожолы қалыпты жұмыс істеп тұр. Мамандар жол жабыны бүлінбегенін хабарлайды. Көлік қозғалысы шектелмеген. Қазір суды бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері жұмылдырылған. 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылды.
Тегтер #Ақмола облысы #бөгет #Гидротехникалық нысанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz