RU
Толық нұсқаға өту

7–9 сәуірге арналған еліміз бойынша ауа райы болжамы

06.04.2026, 12:30 30

Елдің басым бөлігінде тұрғындар көктемге тән құбылмалы ауа райын сезінеді. Жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі деп хабарлайды 24KZ, «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап

Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл (шквал) болуы мүмкін. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3–15 градусқа дейін төмендейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz