Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі Қарағанды медицина университеті базасында дәрігерлерге арналған арнайы иммундау тренингін өткізуде. Сарапшылардың пікірінше, халықтың вакцинаға деген сенімін арттыру — қызылша сияқты жұқпалы аурулардың алдын алудың басты жолы. Қазақстанда қызылша ауруының таралуы алаңдатарлық деңгейге жетті.
Былтыр елімізде бұл дертке 4 мыңнан астам адам шалдықса, биыл небәрі үш айдың ішінде науқастар саны одан асып кеткен. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі — балалар. Өткен жылы елімізде 20 мыңнан астам адам екпе алудан бас тартқан. Бұл індеттің кең таралуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Бақыт Көшерова, Қарағанды Медицина университетінің ректоры:
- Тренингке жиналған бұл мұғалімдер және дәрігерлер осы ата-аналармен жұмыс жасайтын. Осы біз көріп отырмыз үш жылдың ішінде вакцинамен алдын алатын аурулардың саны көбейіп жатыр. Оның ішінде қызылша көп және көкжөтел. 5 күнге созылатын тренинг барысында мұғалімдерге, дәрігерлерге ата-аналармен қалай қарым-қатынаста болу керектігі және вакцинаның маңызы жайлы қалай оларға айту керек деген сияқты мәселелер көтеріледі.
Тегтер #Қарағанды #екпе егу #медицина #дәрігер #тренинг #денсаулық сақтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz