Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды.
Жобаның ерекшелігі сол – кәсіпорын қайта өңделген өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратады әрі жергілікті минералдық шикізатты пайдаланады. Diatomite зауыты – Satbayev University базасында жүзеге асырылып жатқан Technopark Stroytech ірі инновациялық бастамасының құрамдас бөлігі. Мамандардың айтуынша, әзірленген технологиялар жаңа құрылыс материалдарын жасап қана қоймай, оларды өнеркәсіптік өндіріске сәтті енгізуге мүмкіндік берді. Бұрын пайдаланылмаған қалдықтар құрылыс саласы үшін сұранысқа ие ресурсқа айналып, экологиялық жүктемені азайтуға және өндірістің экономикалық тиімділігін арттыруға ықпал жасамақ. Бұл университеттердің тек кадр даярлау орталығы ғана емес, индустриялық дамудың драйверіне айналуының нақты үлгісі. Мұндай тәжірибені еліміздің барлық өңірінде кеңінен тарату жоспарланған.
Тегтер #өндірістік қалдық #құрылыс #қоспа #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz