Жетісулық диқандар наурыздың орта тұсынан бастап егінге кірісіп кетті. Ескелді, Көксу, Панфилов аудандарында бидай, арпа, мақсары мен көпжылдық шөп егілді.
Кербұлақ ауданында да науқанның қызған шағы. Мұнда биыл 100 мың гектарға дән себіледі. Астықты аймақтың дихандары бел жазбай еңбек етіп, көктемгі дала жұмыстарын уақытыда аяқтауға тырысып жатыр.
Бақыт Жексенбаев – жиырма жылдық тәжірбиесі бар білікті механизатор. Биылғы науқанда ол заманауи жаңа трактордың тізігіне отырды.
Бақыт Жексенбаев, механизатор:
- Сағат 07:00-ден бастаймыз. Ертеңгісін сағат 18:00-ге дейін бір сменде 70 гектар түсіреміз. Трактор бәрі ыңғайлы. Ерінбей жұмыс істеу керек болды.
Дала еңбеккерлері көктемнің жаймашуақ әр күнін тиімді пайдалануға тырысып, екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Биыл олар Кербұлақ ауданындағы егіс алқаптарына мақсары және арпа себеді.
Саят Ердесов, агроном:
- Биылға он мың гектар жоспарлап отырмыз. 5 мың гектарын сеуіп тастадық. Енді бес мың гектары қалды. Осыдан кейін ауыл жаққа түсеміз. 10 мамырға дейін бітіру керекпіз.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз ететін агроөнеркәсіпті қолдауға биыл 26 млрд теңге бөлінді. Шаруалардың тұқым, минаралды тыңайтқыш пен техника алуға жұмсаған шығынның бір бөлігін мемлекет субсидия арқылы жабады.
Нұрдәулет Кененбаев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Көктемгі дала жұмыстарына 5 100 мың тоннадан арзандатылған дизель отыны қарастырылса, оның 3100 тоннасын операторлар сатып алып, облысымызға 1400 тоннасын жеткізді. Шаруашылықтарға 320 тоннасы таратылды. Сонымен қатар облыс бойынша 70 мыңның үстінде минералды тыңайтқыштар қолдануымыз керек. Бүгінгі таңда 19 мың тонасын шаруашылықтар сатып алып қолданып жатыр.
Аймақта бидай мен майлы дақылдар көлемі азайтылып, дәндік жүгері мен қант қызылшасы алқабы ұлғайтылды. Сол арқылы ауыл шаруашылық өнімдері әртараптандырылып, нарықтағы сұранысқа бейімделді.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жетісу облысында көктемгі дала жұмыстары маусым айына дейін жалғасады. Аймақ дихандары биыл 511 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын сеуіп, ел ырысын еселемек.
Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Жеңіс Әбдрешов
Тегтер #Жетісу облысы #егіс науқаны #диқандар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz