RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында су қоймалары зерттелді

07.04.2026, 13:10 23

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасында ғалымдар арнайы дрон арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Қаратомар су қоймасына келер жылы биылға қарағанда 150 миллион текше метр көп су түсетіні анықталды.

Ұзақ жылдық мәліметтерді саралай келе жасанды зерде осындай қорытынды шығарған. Айдынның әр тұсының тереңдігін, табанын, су құрамын, экожүйесін анықтау мақсатында спутниктік мониторинг жүргізілді. Бұл мәліметтер су қорын, тасқын қаупін болжауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесі бойынша тиісті ұсыныстар дайындалды.

Берік Рақымбаев, ҚӨМУ Ғылым жөніндегі проректорының орынбасары:

- Қаратомар су қоймасының тереңдігі 19 метр болатын. Биыл осы біздің зерттеудің нәтижесінде біздің білгеніміз 25 метрге дейін судың көлемі көтерілген. Яғни ол су немесе көбейді немесе табаны бізде шайылды. Құрамына келетін болсақ, ауыр металдардың үлесі судың ішінде көбейтілген. 192240 Су астындағы саз балшығында алтын үлесі көбейген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz