2025 жылы Қазақстанның туризм саласы өсім көрсетті.
Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сай, ел ішінде саяхаттаушылар саны да, шетелден келетін туристер ағыны да артты. Сонымен қатар инвестиция мен бизнес кірістері де едәуір көбейді. Атап айтқанда, орналастыру орындарында тоқтаған іштегі туристер саны 10 млн адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн-ға артты. Шетелдік қонақтардың да қызығушылығы өсіп келеді: қонақ үй қызметін пайдаланған туристер саны 1,4 млн жетті. Жалпы 2025 жылы Қазақстанға түрлі туристік мақсатпен 15,7 млн шетел азаматы келді. Оның ішінде 11,1 млн адам турист ретінде тіркелді. Бұл көрсеткіш те өскен. Орналастыру орындары, демалыс базалары мен қонақ үйлердің жалпы кірісі 350,6 млрд теңге болды. Туристік инфрақұрылым кеңейіп, демалыс орындарының саны 4 482-ге жетті.
2025 жылғы негізгі көрсеткіштер
15,7 млн шетел азаматы келді
оның ішінде 11,1 млн адам турист
демалыс орындарының кірісі ₸350,6 млрд
орналастыру нысандарының саны 4 482
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #туризм #көрсеткішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz