Қостанайда 2,5 млрд теңге субсидияны жымқырғандарға сот үкімі шықты.
Жемқорлыққа қатысы бар деген 30 адам түрлі мерзімге сотталды. Тергеу мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін ұйымдасқан топ ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржыны жүйелі түрде жымқырып келген. Әсіресе Қостанайдағы ет өңдеу комбинатының айналасындағылар әбден дәнігіп алыпты. Олар жалған құжат жасап, 1,1 млрд теңгеден астам инвестициялық субсидияны қалтаға басқан. Тексеру кезінде белгілі болғандай, шаруалар жоқ малдың басына субсидия алған. Ал ветеринарлар жоқты бардай қылып, қолдан құжат жасап беріп отырған.
Ләззат Байғожина, облыстық соттың баспасөз қызметінің басшысы:
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кейбір сотталушылар бір жылдан 10 жылға дейінгі аралығында бас бостандықтарынан айырылды. Рақымшылық қолданғаннан кейін кейбір сотталушылардың жазасы 1 жылдан 4 жылға дейінгі қысқартылып, шартты түрде тағайындалды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #субсидия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz