Қостанай облысында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мәлімдеді.
Қазір елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Екі айға жуық оңтүстік аудандарда табиғи апаттың алдын-алу шараларын жүргізген арнайы топ жасақтары тұрғылықты жерлеріне оралды. Жан-жақты дайындық, жедел әрекеттің нәтижесінде үй-жайларды су басу дерегі тіркелген жоқ. Қазіргі кезде тек екі жол бағыты бақылауда қалып отыр. Бірі аудандық маңыздағы, екіншісі Ресеймен шекара аралығындағы жол үстін су шайған еді. Ол аумақтарда құтқарушылар әлі де тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Асхат Көшеғұлов, Қостанай облыстық ТЖД басқарма басшысы:
- Гидробекеттерде судың деңгейі қауіпті шектен аспайды. Бүгінде тасқын белсенділігі бәсеңдеген. Алқаптарда еріген қар суы Тобыл өзеніне түсті. Асып-таситын деңгейде емес. Әдетте Амангелді, Жанкелдин аудандарына Ұлытау жақтан келетін су қауіп төндіретін. Биыл ондай жағдай болған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz