Сәтбаев қаласына кіреберіс аумақты абаттандыру үшін «Жасыл дәліз» жобасы жасалды.
Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 153 млн теңге бөлінді. Қазір мердігерлер жұмыстың жартысын аяқтады. Мың жарымнан астам ағаш егілді. Өңірдің климатына бейім ақ терек пен қарағаш көшеттері қаланың экологиялық ахуалын жақсартады дейді жауаптылар. Жасыл желек жылдам тамыр жайып кетуі үшін заманауи суару жүйесі орнатылуда.
Әшім Мұхамбетәлі Сәтбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Бұдан бөлек бізде Ұлытау көшесі Қалмағанбетов көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралықта 6600 ағаш егіледі. Сонымен қатар 18 сәуір күні дүниежүзілік ағаш отырғызу күні болып табылады. Сол күні мың ағаш отырғызамыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жасыл дәліз #Ұлытау
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz