RU
Толық нұсқаға өту

Өскемендіктерге 229 млн теңге қайтарылды

07.04.2026, 23:40 25

Өскемен қаласының тұрғындарына жылу қызметі үшін артық төленген 229 млн теңге қайтарылады.

Бұл туралы монополияға қарсы қызмет жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды. Мамандардың мәліметінше, өткен жылы қыс мезгілі салыстырмалы түрде жұмсақ болды. Нәтижесінде жылу энергиясын тұтыну көлемі жоспарланған деңгейден төмен шыққан. Алайда температуралық көрсеткіштер дұрыс есептелмей, тұрғындарға артық төлем көрсетілген. Осыған байланысты жылу жеткізуші кәсіпорынға тарифтерді қайта қарау міндеттелді. Дегенмен қайтарылатын қаражат бәріне бірдей қатысты емес. Артық төлем тек ортақ есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға қайтарылады. Сонымен қатар тексеріс барысында қаладағы жылу электр орталығы мен қазандықтардың инвестициялық міндеттемелерді орындау деңгейі де бақылаудан өтті.

Қуат Мұстапин, ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- Тексеріс барысында бекітілген тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаны толық орындамаған деректер анықталды. Бұл жағдай 5 мекемеге қатысты. Осы атқарылмаған жұмыстардың жалпы құны 61 млн теңге.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz