Түркістан облысының Мақтаарал ауданы диқандары ерте пісетін қырыққабаттың алғашқы өнімін нарыққа шығарды.
Ерекше күтіп-баптаумен жетілген өнім Ресей Федерациясы нарығына экспортқа жөнелтілді. Шаруашылық басшысының айтуынша, 9 гектар жердің 4 гектарына қырыққабат егілген. Егіс барысында заманауи тамшылатып суару технологиясы қолданылып, өнімділікті арттыруға басымдық берілген. Қазір қырыққабаттың бір келісі 200 теңгеден сатылып жатыр. Жалпы өнім көлемі шамамен 120 тонна болады деп күтілуде. Биыл Мақтаарал ауданында 1 400 гектарға көкөніс дақылдары егілген. Оның 1 000 гектары ерте пісетін қырыққабатқа тиесілі.
Сейсенбай Мұсылманқұлов, шаруа:
- Наурыздың 5-де еккенбіз, міне жинап жатқан жайымыз бар. Бұдан бөлек, домалақ қырыққабаттарымыз да бар. Тамшылатып суару жүйесімен биылдан бастап егіп жатырмыз. Алдыңғы жылдары арықпен суаратынбыз. Онда су шығыны көп болатын. Жинаған өнімдерімізді Қазақстанның ішіне, одан басқа Ресей мен Беларусияға жіберіп жатырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркістан #қырыққабат #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz