Дүниежүзілік денсаулық күнін ақсайлық балалар ерекше өткізді.
№1 орта мектептің оқушылары спорттық жарыстарда бақ сынасып, арнайы танымдық тренингтерге қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивалдың мақсаты – жасөспірімдерге зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеу. Оқушыларға апта бойы дұрыс тамақтану, дене белсенділігі мен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Ал жабылу салтанатында спорттық бәсекелер мен шығармашылық байқауларда дараланған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Денсаулық #медицинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz