Елордада қаржы секторындағы және цифрлық ортадағы алаяқтыққа қарсы форум басталды.
Шараға банк өкілдері, финтехникалық компаниялар, мемлекеттік органдар мен киберқауіпсіздік сарапшылары қатысады. Жиында қаржы ұйымдарының кибершабуылдарға төзімділігі, алаяқтықтың алдын алу технологиялары және салааралық ынтымақтастық түйткілдері талқыланбақ. Әсіресе бизнес пен мемлекет арасындағы байланысты нығайту және алаяқтыққа қарсы бірыңғай жүйе қалыптастыру сынды мәселелерге ерекше мән беріледі.
Астанада қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылға арналған AntiFraud Forum Kazakhstan форумы басталды. Әлемде алаяқтық өршіп тұр. Әккі пысықайлар адамдарды алдайтын неше түрлі цифрлық жүйелерді ойлап тапқан. Сондықтан формға жиналған мамандар нақты деректер мен тәжірибеге сүйене отырып, қылмысқа қарсы төтеп беретін шешімдерді ортаға салады. Жиында кибералаяқтықтан құтылу тетіктері, күмәнді операцияларды ерте анықтау және қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыру жолдары қарастырылмақ. Біздің елде бұл мәселеге қатысты қандай шаралар қолданады?
Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет министрлігі вице-министрі:
- «Алаяқтықпен күресте кешенді тәсіл қажет», - дейді мамандар. Бұл бағытта заңнаманы жетілдірумен қатар, цифрлық қауіпсіздікті күшейтуге де басымдық берілмек. Сондай-ақ азаматтарды қорғау тетіктерін күшейту және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмайды. Алда бірқатар тақырыптық сессия мен сараптамалық талдау жоспарланған.
Тегтер #алаяқтық #Заң мен тәртіп #форум #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz