RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысындағы ауылдың жолын су шайды

08.04.2026, 13:07 28

Ақмола облысындағы Ескі Колутон ауылының жолын су шайып кетті. Дәл қазір елдімекенге тек қайықпен жетуге болады. 

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Дәл біз Ескі Колутон ауылына баратын жолда тұрмыз. Жолды қарғын су шайып кеткен. Қазір құтқарушылар ауылдағы 500-ге жуық тұрғынға барлық қажетті заттарды қайықпен жеткізіп жатыр. Қарғын судың қарқыны бәсеңдесе, ауыл жолы жөнделіп, көлік қозғалысы қайта жаңданады. «Қалқұтан өзеніндегі су деңгейі ақырындап түсіп келеді», - дейді мамандар. Ал ауылдағы үйлерге су кірді ме? Елді мекендегі ахуал қалай? Біз оны ауыл әкімі Жанатхан Дәулеткерейден сұрап білейік. 

Жанатхан Дәулеткерей, Ескі Колутон ауылының әкімі:

- Жалпы биыл осы Қалқұтан өзенінің түбі тереңделіп, арнасын кеңейту жұмыстары қолға алынды. Жоба бойынша 21 шақырымы тазартылады. Қазір соның бес шақырымындағы жұмыстар орындалған. Айта кету керек, осыдан үш тәулік бұрын Астрахан ауданында гидробекетте өзен деңгейін өлшейтін қызметкер жоғалып кеткен еді. 60 жастағы Ескі Колутон ауылы тұрғынын іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмылдырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz