Енді елімізде психологтар мемлекеттік тізілімге тіркелуге міндеттеледі. Аталған заң жобасы бүгін Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.
Маңызды құжат саладағы құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. Мұнымен қоса, психологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ұсынылған жаңашылдық психолог мамандарының құқықтары мен міндеттері нақты белгілейді. Бұл қатарда этикалық нормаларды сақтау, ақпараттандырылған келісім алу, құпиялылықты қамтамасыз ету талаптары бар. Кәсіби құпияны сақтау мен клиенттің келісімінсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу мәселесі де назарға алынған. Сондай-ақ кәсіби даярлық пен қайта даярлау талаптары жүйеленіп, кемінде бес жылда бір рет біліктілікті арттыру міндеті қарастырылады.
Тегтер #мәжіліс #Психологтар #мемлекеттік тізілім #тіркеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz