RU
Толық нұсқаға өту

Жалған хабарлама таратқандар ұсталды

08.04.2026, 14:10 37

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған хабарламалар таратып, фишингпен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. 

Ұсталғандар SMS-бластерді пайдаланып, азамматтардың жеке деректерін иемденіп, ақшасын ұрлаған. Аталған құрылғы 300 метр радиуста күшті сигнал таратып, телефондардың автоматты түрде соған қосылып, қорғанысын әлсіреткен. Нәтижесінде абоненттерге бірден жалған SMS-хабарламалар келіп отырған. Бұл құрылғы байланыс операторларының қорғанысын айналып өтіп, сағатына 100 мыңға дейін хабарлама таратуға мүмкіндік берген. ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы кесілуі алғаш рет болып отыр. Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Хабарламалар «Beeline» және «Halyk Bank» компаниялары атынан жіберілгендей көрініп, жиналған бонустарды айырбастау ұсынылған. Сілтемеге өткен жағдайда пайдаланушылар фишингтік сайттарға түсіп, тауар таңдағаннан кейін жеке деректерін, соның ішінде телефон нөмірін, аты-жөнін, банк картасының деректемелерін, CVV-кодын, сондай-ақ SMS арқылы келген растау кодын енгізуге мәжбүр болған. Осылайша, қаскөйлер азаматтардың құпия ақпараты мен банктік қаражатына қол жеткізген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топ схеманы жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде анықталып, ұсталды. Бұл азаматтардың ауқымды алдануы мен елеулі қаржылық шығындарының алдын алуға мүмкіндік берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz