RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі сот жүйесінде кадр тапшылығы мәселесі шешіліп келеді

08.04.2026, 14:59 29

Бүгінде бос орындарды толықтыру көрсеткіші 131 пайызға жетті. Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, енді үміткерлерді іріктеу процесі небәрі үш ай ішінде жүзеге асырылады. 

Сот жүйесіндегі реформалар нақты нәтиже бере бастады. Астанада үш кассациялық сот іске қосылып, жүйенің жаңа құрылымы қалыптасты. Сондай-ақ талаптар күшейіп, үміткерлердің тек 24,5 пайызы ғана сыннан мүдірмей өтті. Ал шілдеден бастап кадрлық үдерістер толық цифрландырылады.

Жанат Оспанова, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі:

- Потенциалды мүдделер қақтығысын болдырмау және судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктерді күшейту мақсатында Кеңес құрамынан Бас Прокурор шығарылды. Кеңес мүшелерінің нақты саны 16 адам болып бекітілді. Оның ішінде Кеңес Төрағасы, 8 судья, әрбір сот сатысынан 2 судьядан, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасы мен 7 Парламент пен заңгерлік қоғамдастық өкілдері. Бұл өзгерістер халықаралық стандарттар мен сарапшылар ұсынымдарына толық сәйкес келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz