«Стоп-кредит» сервисі алаяқтардың несие рәсімдеуінен сақтандырады. Ол үшін Egov порталындағы реестрге аты-жөніңізді енгізу керек.
Сонда сіздің рұқсатыңызсыз ешкім атыңызға несие рәсімдей алмайды. Ал, егер ақша қажет болса аталған шектеуді небары екі минутта алып тастауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ интернет арқылы немесе кепілсіз несие рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіруден өту міндет саналады. Егер азаматтың несие тарихында ақпарат болмаса, ол 150 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 650 мың теңгеден асатын қарыз алу үшін банкке жеке өзі баруы тиіс. Банк бөлімшесінде де биометриялық тексеру жүргізіліп, клиенттің жазбаша келісімі алынады.
Сауалнама
- Сол дұрыс. Себебі қазір онлайн болған соң алаяқтар көп. Көп адам сол нәрсеге алданып қалып жатыр ғой. Банкке барып, ресми түрде алған өте дұрыс деп ойлаймын. Негізі қолма-қол алған дұрыс қой. Қазір алаяқтар көп.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #несие #банктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz