RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда құны ₸17 млрд болатын жер мемлекетке қайтарылды

08.04.2026, 17:20 37

«Медеу» өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Оның жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.

Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады. Аумақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы су қоры бар жер болғандықтан сатылмайды. Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 млрд теңгеден асатын даулы жер телімдері мемлекет меншігіне өтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz