RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында өртке қарсы 49 мобильді топ құрылды

08.04.2026, 19:00 21

Павлодар облысында өртке қарсы күрес күшейді. Себебі өңірде соңғы күндері ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, екі орман өрті тіркелді.

Ертіс жағасындағы шабындықтар мен саяжай аумақтары ерекше бақылауға алынды. Дрондар мен әуе күштері де жұмылдырылған. Бақыланатын жердің жалпы көлемі 277 мың гектарға жуықтайды. Сонымен қатар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, былтыр облыс аумағында 80 орман өрті тіркелді.

Шыңғысхан Шайзатхан, Авиациялық бөлімшесінің бастығы:

- Жалпы 80 орман өртінің аумағы бір гектарға жетпейді, яғни үлкен көлемдегі орман өрттері болған жоқ және былтырғы көрсеткіштерді ескере отырып, келесі жылдары да су бүрку құрылғысы бар тікұшағымен ациациялық жұмыстар жүргізіледі

Қайрат Шаймарденов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Облыс бойынша 49 мобильді топ құрылды. Олардың құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар кіреді. Бау-бақша аумақтарында, жайылымдық жерлерде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып жатырмыз. Қазір рұқсатсыз шөп өртеу, от жағу жағдайлары тіркеліп жатыр. Бұның бәрі әкімшілік жауапкершілікке жатады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz