Алматы облысында 13 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды.
Облыстық прокуратура жүргізген тексеріс кезінде құрылыста бірқатар заңбұзушылық анықталды. 25 лауазымды, 7 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қала құрылысы нормалары бұзылған 2 рұқсат құжаты кері қайтарылды. Одан бөлек Талғар және Іле аудандарында бірнеше компанияның үлескерлер ақшасын заңсыз тартқаны белгілі болды.
Данияр Башкеев, облыстық Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры:
- Тексеру нәтижесінде 13 құрылыс компаниялары бірінші санаттағы лицензиясынан біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тоқтатылды. 3 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 адам азаматтардың ақшалар қаражатын тұрғын-үй кешендерін салуға тарту кезінде жасаған алаяқтығы үшін сотталып, 5 жылдан 7 жылға дейін мерзімде бас бостандығынан айырылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы облысы #компанияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz