Биыл Қостанай облысында ауыл шаруашылығын субсидиялауға 85 млрд теңге бөлінді. Бұл былтырға қарағанда екі есе көп.
Қаржыландырудың еселеп артуы қордаланған қарыздың біраз бөлігін жабуға мүмкіндік береді. Қазір қостанайлық шаруалардың мемлекеттік субсидия бойынша алашағы 98 млрд теңгеге жетті. Оның негізгі бөлігі несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге қаралған. Жауапты мамандар «келер жылы субсидия қарызын толық жабамыз» дейді. Мемлекет биыл диқандарға жәрдем қаржының тағы бір түрін ұсынып отыр. Енді егін алқаптарын киіктен қорғауға да қолдау көрсетпек.
Ибрагим Бекмұхамедов, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Ауыл шараушылығы министрлігі егістік алқаптарын жылжымалы тормен қоршау жұмыстарын субсидиялау тетігін енгізді. Осы мақсатқа кеткен шығынның 30 проценті мемлекет есебінен өтеледі. Бұл әсіресе оңтүстік аудандар үшін маңызды. Былтыр облыс бойынша 60 мың гектар егінжайды түз жануары таптаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қостанай #субсидияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz