Қазақстандық ғалым диабетті дем арқылы анықтайтын құрылғы жасап жатыр. Технология газ сенсоры негізінде жұмыс істейді.
Әзірге оның өнертабысы жұқа материал сатысында. Болашақта толыққанды диагноз қоя алатын құрылғыға айналады. Басқа жабдықтардан басты айырмашылығы оның қандағы глюкоза деңгейін емес, демдегі ацетон концентрациясын есептейді. Себебі ол майлардың ыдырауынан пайда болады. Адам организмінде оның шамадан тыс жиналуы диабет қаупі бар екенін білдіреді. Ғалымдар жобамен үш жылдан бері айналысып келеді. Қазір құрылғының прототипі жасалды. Авторлар құрылғы болашақта диагноз қоюдың жылдам әрі қарапайым әдісіне айналатынына сенімді.
Аманжол Тұрлыбекұлы, Қолданбалы физика саласының PHD докторы:
- Қазір бізде Астанадағы №2 қалалық ауруханада жиналған деректер бар. Ол жерге айына диабеттің бірінші типі бойынша 20-30 адам жүгінеді. Біздің құрылғы бұл ауруханаға ауадай қажет. Жоба бойынша ол градусник сияқты жұмыс істейді. Мысалы, адам келіп шағымын айтты делік. Дәрігер оған біздің құрылғыны береді. Науқас оған үрлеген соң біз демінде ацетонның деңгейі жоғары екенін анықтаймыз. Яғни азамат диабетпен ауыруы мүмкін деген сөз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ғалым #диабет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz