Адамның демі арқылы қатерлі ісікті де анықтайтын құрылғы жасалды. Бұл Тай ғалымдарының жетістігі қазақстанда да қолжетімді болуы мүмкін.
Тың технология қос елдің денсаулық сақтау саласы мамандарының басқосуында таныстырылды. Көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер Чалермпон Пуннатоктың айтуынша, жылдам әрі қарапайым әдісті жалпы қолданысқа енгізу өте маңызды. Себебі ауруды асқындырып алмау керек. Ал оның өнертабысы қауіпті дертті алдын ала анықтап, емдеу шараларына ертерек кірісуге мүмкіндік береді.
Чалермпон Пуннаток, өнертапқыш:
- Біздің технологияның басты артықшылығы – оның қарапайым әрі қолжетімді болуы. Тексеру үшін адамға тек арнайы пластик құрылғыға дем шығару жеткілікті. Ауадағы газ жиналып, арнайы құрылғы арқылы талданады. Соның нәтижесінде небәрі 20 минут ішінде қатерлі ісіктің бар-жоғын анықтауға болады. Бұл құрылғы «breath analyzer» деп аталады. Қазіргі таңда біз жобаны іске асырудың бастапқы кезеңіндеміз. Енді осы инновацияны Қазақстанға енгізіп, халық игілігіне ұсыну үшін жергілікті серіктестер іздеп жатырмыз.
Пияпин Нийомреркс, Таиланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:
- Екі елдің медицина саласындағы мамандары алғаш рет жолығып отыр. бұл кездесуге Тайландтан онкологияны емдеуге маманданған дәрігерлер мен сарапшылар келді. Сонымен қатар, инновациялық шешімдерді ұсынамыз. Қазақстанның да денсаулық сақтау саалсындағы жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмасқымыз келеді. Бұл кездесудің екі тарапқа да пайдалы болатынына сенімдімін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ғалымдар #медицинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz