Жұмысшы мамандықты меңгеріп кәсіп ашуға болады. «TAIQAZAN» халықаралық кәсіби шеберлік фестивалі осы мақсатты көздейді.
Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру колледжі мұрындық болған шара оған қоса ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Фестиваль екінші жыл қатарынан қызмет көрсету және тамақтану саласы мамандықтары бойынша білім алатындар мен педагогтерге біліктілік арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр.
Бақытгүл Кішібаева, колледж директоры:
- Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, колледж студенттерін ұлттық тағам түрлерімен, ұлттық киімдерді дәріптеу мақсатында болашақта өздерінің кәсібін ашып бір білікті маман болуға үйрету мақсатында жүргізіп отырмыз. Бүгінгі шараға республиканың түкпір-түкпірінен колледж студенттері келіп, өздерінің жасаған тіккен киімдерін көрсетіп, үлгілерін ортаға салып отыр.
Байқауда 100-ге жуық жас маман «Аспаз ісі», «Сән технологиясы» және «Тігін өндірісі мен киімді модельдеу» номинациясы бойынша сынға түсті. Әсіресе заманауи стильдегі ұлттық киім топтамалары көптің көңілінен шықты. Яғни ұмыт бола бастаған киім үлгілері қазіргі заман талабына сай өзгертіліп, қайта жаңғырды. Қатысушылардың қатарында Түркия мен Франциядан келген студенттер, оқытушылар бар.
Ронан Лесьё, Халықаралық сарапшы:
- Студенттердің еңбекқор екені жасаған жұмыстарынан көрініп тұр. Ал біз жаңа мәдениетпен танысып жатырмыз. Жастардың ұлттық дүниелерге аса мұқият қарап, оны арықарай жалғастырғысы келетіні қуантарлық жағдай. Біз өз білгенімізді ортаға салуға дайынбыз. Сіздердің тараптан да үйренеріміз бар. Тәжірибе алмасу деген осы.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жұмысшы мамандықтар #TAIQAZANPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz