RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында қызғалдақты қорғау күшейтілді

08.04.2026, 22:55 28

Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген қызғалдақты қорғау шаралары күшейтілді. Қазір тау бөктерінде қызғалдақ қауыз жарды.

Ордабасы, Бәйдібек және Созақ аудандарында өсімдіктің Грейг және  Кауфман түрлері жайқалып тұр. Қызғалдақты қорғау үшін, экологиялық полиция мен орман шаруашылығы инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Арнайы рейдтер ұйымдастырып, тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп жатыр. Өсімдікті жұлғандар  3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Әзірге құқықбұзушылық тіркелмеді. Жедел-профилактикалық шаралар маусым соңына дейін жалғасады.

Данияр Сейітов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Табиғи жолмен өсетін қызғалдақтар. Оның өсіп, жерге шыққаннан кейін гүлдеу процестері ең ұзағымен 2,5 аптаға дейін созылады. Қазір жерге шығып, қып-қызыл болып жайқалып тұр. Қазіргі таңда тозаңдану процестері жүріп жатыр. Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтардың бір данасын да жұлуға тыйым салынған. Ол Қылмыстық кодекспен қарастырылған.  

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz