RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында орманды өрттен қорғау шаралары жүріп жатыр

09.04.2026, 08:25 35

Жыл басынан бері Жамбыл облысының орманды алқабында 5 рет өрт шықты. Ал былтыр 21 мың гектар аумақты жалын шарпыған. Төтенше жағдай қызметі биыл ерте көктемнен бастап,  өрттің алдын алу жұмыстарына кірісті. Қазір егістік алқаптары мен жайылымды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр. 

Облыс аумағында бір жылда 54 өрт дерегі тіркелді. Шығын  көлемі 24 млн теңгеден асқан. Жауаптылар өрттің 80 пайызы найзағайдан болса, қалғаны тұрғындардыңт қауіпсіздікті сақтамауы салдарынан, -дейді.

Дархан Қалдарбеков, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:

784 кісі мобильдік топтардың анықтауымен әкімшілік жауапкершілікке  тартылды. Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін. Оның 350-і айыппұл ретінде, және 434-і ескерту ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 350 тұлға жалпы сомасы 8 млн  тг ден асатын айыппұл салынды. 

Ал мына жағдай бірер апта бұрын Қазақ-Қырғыз шекара аумағындағы бейнекамераларға түсіп қалған. Жасөркен ауылының тұрғындары қамыс қаулаған аумаққа қасақана өрт қойған. Дәл осындай жағдай Қордай ауданында да болды. Бүгінде күдіктілер   анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осындай жағдайдың алдын алу үшін облыста өрт қауіпі бар аумақтарда 65 бекет ашылып, тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды. Сондай-ақ 41 бақылау мұнарасы мен 20 найзағайдан қорғау құрылғысы қойылды. 

Нұржан Мұқашев, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:

Аудан аумағында жыл басынан 70-ке жуық шақыртумен өрт сөндіру бөлімі шығып жұмыс жүргізген. Жалпы өрттің шығу аумағының ең үлкен көлемі 650 шаршы метр болған. Бүгінгі күнге сол өрт қауіпсіздігін шараларын алдын алу жұмыстары жүргізілуде. СКЛ Мына егістік алқаптарына өрттен қорғау мақсатында 64 шақырым Скл жолдың бойын минералды жолақтар тартылды.

Төтенше жағдай департаментінде 182 техника бар. Техникалық -материалдық  база 90 процентке жаңарған. Дегенмен алыс ауылдар мен аудандарда өрт бола қалса,  алдымен өртті сөндіруге   жергілікті әкімдік қызметкерлерінен құралған жасақ барады. Оған қоса облыстағы 15 орман шаруашылығы мекемесі мен Меркі табиғи паркінің қызметкерлері де көмек көрсетуге әзір.  Олар өрт сөндіру көлігі, трактор және пилотсыз ұшу аппараттармен қамтамасыз етілген.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә Жамбыл облысы 24kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz