Алматыда суық сумен жабдықтау және кәріз қызметін тұтынушыларға ауқымды тексеріс басталды.
Автожуу орындары, моншалар, қоғамдық тамақтану орындары мен кәсіпорындар ерекше бақылауға алынды. Мақсат – заңбұзушылықтарды анықтау және су шығынын барынша азайту. Сондай-ақ, инженерлік желілердің техникалық жағдайы мен суды көп тұтынатын ірі нысандар да жіті назарға ілікті. Алғашқы апталардағы тексерістің өзінен-ақ 100-ден астам заңбұзушылық анықталды. Дені суды келісімшартсыз пайдалану, есепке алу құралдарына араласу, тазартылмаған ағын суларды төгу, инженерлік желілерге заңсыз қосылу және қоғамдық тамақтану орындарында май ұстағыштардың болмауы сынды себептермен тіркелген. Заңбұзушыларға заңнама аясында тұтынуды қайта есептеу, қызметті шектеу және толық тоқтату сынды шаралар қолданылмақ. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері 29 автожуу орнына алғаш рет суды қайта пайдалану жүйесі орнатылған. Тағы 80-ге жуық нысан төмендетілген тұрмыстық тарифтердің орнына коммерциялық тарифтерге ауысты.
Тегтер #Заң мен тәртіп #су #Алматы #кәріз #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz