Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда су ресурстарын ұқыпты пайдалану үшін ІТ шешімдермен қатар қоғамның суға деген оң көзқарасын қалыптастырудың маңызына тоқталған еді.
Бұл бағытта жалпыұлттық республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 миллионға жуық оқушының қатысуымен «Суды үнемде – болашақ үшін сақта» тақырыбында бірқатар шара өткен. ЮНЕСКО ұйымының қаржылық қолдауының арқасында игі бастама ауқымды сипат алып, шет мемлекет елшілері, халықаралық ұйым басшылары мен Парламент депутаттарының қатысуымен жоғары оқу орындары арасында да тақырыптық кездесулер кеңінен көрініс тапты.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Мемлекеттік «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара көзделген. Жыл басынан бері сарапшылар 100-ден астам колледжде кездесулер өткізіп, 123 мыңға жуық студентке су үнемдеу тәсілдері мен суды қайта пайдаланудың заманауи технологиялары туралы ақпарат берді.
Елімізде 2030 жылға қарай су тапшылығы 15 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін. Сәйкесінше, алдағы үш жылға су үнемдеу технологияларын субсидиялауға бөлінетін қаржы көлемі 4 есе ұлғайтылды. Бүгінде су шығынының қысқа және ұзақ мерзімді болжамдары Тасқын және Талсим Энджи жүйелері арқылы жүргізілуде. Болжам нәтижелері қандай, қызыл судың алдын алуда нендей шаралар атқарылып жатыр? Әріптесіміз Назым Кенжебай тарқатсын.
Тегтер #Мемлекет басшысы #су ресурстары #Ұлттық құрылтай #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz