RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте 100 түп қарағай көшеті егілді

09.04.2026, 17:53 24

Шымкентте дендрологиялық саябақ аумағында ағаш көшеттері егілді. Экобелсенділердің бастамасымен бақ қоры жергілікті климатқа бейім 100 түп қылқан жапырақты қарағаймен толықты. 

Шараға «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен коммуналдық сала жұмысшылары атсалысты. Олар жасыл белдеуді кеңейтуге үлес қосып қана қоймай, шөп орып, ағаш түптерін әктеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Сонымен қатар белсенділер экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өзге де қала тұрғындарын табиғатты қорғауға үндеді.

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы ҚФ атқарушы хатшысының орынбасары:

- Жылдың басынан бері 500-ге жуық ағаш көшеттерін ектік. Бүгін осы жердің өзінде 100-ге жуық шырша ағаштарын егіп жатырмыз. Бұл келешек ұрпаққа деген өзіміздің аманатымыз деп есептейміз. 

Бекзат Төлебай «Жастар Рухы» ЖҚ филиалының төрағасы:

- Бұл жұмыстар тек қана үлкен аға-әпкелеріміздің ғана емес, бірінші кезекте жастардың міндеті. Келіп, аға-әпкелерімізге көмектесіп, су тасу керек болса, су тасып, жер қазу керек болса немесе талды көтеру керек болса да барлық шараларда жұмыстарды жүргізіп келеді. Ол жұмыстардан жастар қашпайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz