RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық Ұлан бөлімдеріне ЖИ енгізіліп жатыр

09.04.2026, 18:11 30

Енді елде әскердегі сарбаздың мінез-құлқын, іс әрекетін жасанды интеллект жіті бақылайды.

Ішкі істер министрлігі мұндай жүйені алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұлан бөлімшелеріне енгізе бастады. Бас қаладағы 5573 әскери бөлімінде қазір жасанды интеллектке негізделген заманауи бейнебақылау жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Құрылғы қолданыстағы камераларға қосылып, бейнеағынды тәулік бойы үздіксіз талдайды.

Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның ресми өкілі:

- Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия байқалса, жасанды интеллектке негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz