RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда кәсіпкерлер қанаты құрылды

09.04.2026, 18:56 23

Жаңа бастаманы «AMANAT» партиясы жүзеге асырып отыр. Мұндағы мақсат кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту. 

Қолға алынған алғашқы шаруа өңір-өңірлердегі бизнеске қол байлау боп тұрған түйткілдерді шешу. Ол үшін партияның үйлестіру кеңесі саладағы проблемалардың тізілімін қалыптастырады. Кейін әкімдіктер мен барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен оларды шешуге күш салмақ. Бүгінге дейін үйлестіру кеңесі 20-дан астам отырыс өткізген. Онда нарыққа қол жеткізу мен қаржыландырудан бастап, салықтық және инфрақұрылымдық реттеуге дейінгі 170-ке жуық мәселе қаралды.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы: 

- «AMANAT» партиясы бизнеспен бірлескен жұмысында елеулі тәжірибе жинақтады. Бизнестің мүддесін жүйелі қорғау және кәсіпкерлер қауымдастығымен тұрақты диалог орнату ісінде тиімді алаңға айналған партия жанындағы Үйлестіру кеңесі маңызды рөл атқарады. Фракцияда бизнес саласындағы белсенділермен тұрақты байланыс орнататын жауапты депутаттар бекітіледі. Олар кәсіпкерлер бастамаларын заңнамалық тетіктер мен депутаттық сауалдар арқылы ілгерілетіп, заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарына бизнес өкілдерін тартумен айналысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz