RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да тазалық үшайлығы басталды

09.04.2026, 21:26 24

Бұл жолы жастар «Таза бейсенбі» акциясы шеңберінде Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гүлзарды қоқыстан арылтып, айналасын ретке келтірді. 

«AMANAT» партиясының мұрындық болуымен өткен экологиялық шараға 50-ге жуық студент қатысты. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша 600-ден аса тарихи-мәдени ескерткіш пен саябақ аумағында сенбіліктер ұйымдастырылды. 

Александр Зель, «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:

- Енді осындай тазалық акциясы әр апта сайын ұйымдастырылады. Қазір жұмыс жоспары бекітіліп, сенбілік өткізетін орындар таңдалды. Бұл шараларға жастар да қатысады. Өйткені оның тәрбиелік маңызы өте зор. Қоршаған ортаның тазалығы өзімізден басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz