Қарағанды облысының кәсіпорындарында сотталғандар үшін жұмыс орындары ашылып жатыр. Жоба прокуратура мен қылмыстық-атқару жүйесі өкілдерінің өзара іс-қимылы аясында жүзеге асты.
Алғашқы 60 адам Теміртаудағы металлургиялық комбинатқа қарасты цехтарға жұмысқа орналасты. Жоба аясында жазасын өтеушілер алдымен екі айлық оқу курсынан өтіп, өндірістегі техникалық қауіпсіздік ережесін меңгереді. Оларды жатақханамен қамту және тамақтандыру жұмыс беруші тарапынан қарастырылады.
Сұлтан Бәкіров, Қылмыстық жазаларды орындау заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор:
- Сотталғандарды әлеуметтендіру, сондай-ақ оларды жұмыспен қамту жөнінде тиісті тапсырма берілген болатын. Жұмыс шарты түзілген. Бұл – әрі қарай босағаннан кейін олар мемлекет тарапынан көмек алып, жұмысқа орналасу мақсатында жасалған жоба.
Тегтер #Қарағанды облысы #сотталғандар #жұмыс орныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz