Еліміз сутегі технологияларын енгізудің жаңа кезеңіне қадам басты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан мен Қытайдың бірлескен сутегі технологиялары орталығы ашылды.
Салтанатты рәсімге Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Шанхай мэрі Гун Чжэн қатысты. Бұл орталық жаңа форматтағы инженерлерді дайындауға, қолданбалы зерттеулер жүргізуге және инновацияларды өндіріске бейімдеуге мүмкіндік береді. Уақыт оздырмай, тараптар үшжақты меморандумға қол қойды. Оның аясында бірлескен зерттеулер жүргізіп, сутегі технологияларын сынақтан өткізеді және тиісті жобаларды іске қосады. Мұның маңызы зор. Қазір еліміз де сутегі энергетикасын дамытуға күш салып жатыр.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- Энергетика министрлігі, тағы да Әл-Фараби атындағы университеті бірігіп, сутегі орталығының ашылуына қол қоямыз. Ол біріншіден технологиялардың трансферті жаңа білімдер және әрине жаңа жабдықтар. Сол үшін біздің елімізге өте маңызды ашылу болып жатқанын мен жариялаймын.
Тегтер #сутегі технологиялары #орталық #ҚазҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz