RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетау қаласының бас жоспары таныстырылды

10.04.2026, 17:50 23

Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі дамуының бас жоспары әзірленді. Маңызды құжатта қаланы бірнеше ірі орталыққа бөліп дамыту көзделген.

Яғни шаһардың шеткі шағын аудандарын да көптеген ірі өндіріс ошақтары бой көтеретін  индустриалдық аймақ құрылып жатыр. Ал орталықтағы Қопа көлінің жағасында тағы бір жағалау ашылып, демалыс орны пайда болмақ. Көкшетауда өткен жиында қаланың бас жоспары таныстырылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Көкшетау – көрікті қала. Алдағы уақытта шағын шаһар тіпті ажарлана түспек. Бірақ қаланы дамыту шаралары жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс. Сол себепті урбанистика орталығы ашылды. Онда мамандар жасалатын әр жұмысты зерттеп, сараптама жасайды. Қазір шаһарда 200 мыңға жуық халық бар.

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Бас жоспар бойынша бұл қала 2050 жылы 500 мың адам тұрғынмен тұру керек. Бұл енді көші-қонның бір бекеті болу керек. Осындай жайлы, әдемі жасыл қала мекені болу керек. Спорт, мәдениет орталығы болу керек. Сондықтан осы үлкен бір бағдарламаға қол қойып, бұл тарихи кезең деп айтуға болады.

Облыс орталығына алдағы төрт жылда 750 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Индустриялық аймақта саланатын өндріс ошақтарында алты мың жұмыс орны ашылады. Қаланың дамуына «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» да өз үлесін қосады. Алқалы жиында олар «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен меморандумға отырып, келісімге келді. 

Алтай Күздібаев, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:

- Меморандум аясында жаңадан қолдау инструменттерін жасау. Өткен жылы Ақмола облысына мысалы 12,3 млрд теңге қаржылық қолдау атқардық. Биыл жоспар бойынша 23 млрд-тан астам қаржылық қолдау осы өңірге атқарамыз.  

Бұдан бөлек, өңірде ескі және апатты үйлердің мәселесі де толығымен шешімін таппақ. 2030 жылға дейін 250 ескі үй сүріліп, орнына заманауи 55 тұрғын үй салынады. Нәтижесінде 18 мың ақмолалық жаңа қонысқа ие болады.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz