RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік студенттерге тіл үйренуге ЖИ көмектеседі

11.04.2026, 09:25 27

Шетелдік студенттерге тіл үйрету кезінде жасанды интеллектінің пайдасы зор. Әсіресе жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде оқып жүргендер қазақ тіліндегі төл дыбыстарды айта алмай қиналады. 

Сондықтан фонетиканы дұрыс меңгерту үшін оқытушылар жасанды интеллектіні қолданады. Қазір ондағы сөздік қор бұрынғыға қарағанда толыға түскен. Жасанды интеллектіні  гуманитарлық ғылымдарда қолдану тетігі уақыт ағымына қарай дами береді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми конференцияда бірнеше елден келген мамандар осы тақырыпты талқылады. Оған қоса, қатысушылар тіл білімі мен әдебиеттанудағы цифрлық технология, тарихи деректерді цифрландыру және жасанды интеллект этикасы туралы пікір білдірді.

Манат Айтбаева, университет оқытушысы:

- Сабақ барысында біз әртүрлі платформаны пайдалануға тырысамыз. Өйткені біз алдымыздағы шетелдік студентті тілге қызықтыруымыз керек. Оны ынталандыруымыз керек. Wordwall арқылы ойнап отырып, студент ол сөзді жадында қалай сақтап қалғананын өзі де байқамай қалады. Студенттер сонымен қатар өзінің дикциясын, интонациясын  қазақ тілінде дұрыс қою үшін AI пайдаланады. Өздері дауыстарын жазып соны сабақта әкеп көрсетіп дұрыс-бұрыстығын басқа студенттер анықтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz