Былтыр елде 870 миллион текше метрден астам суармалы су үнемделді. Тың технологияларды қолданудың жалпы көлемі жарты миллион гектардан асыпты.
Мұны Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев айтты. Алдағы 4 жылда су үнемдеу көрсеткіші екі есеге артады. Межелі міндетке жету мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарда суды қайта пайдалануды арттыру бойынша тиісті жұмыстар қолға алынған. Жобаны облыс әкімдіктері жүзеге асырады. Бұл шаралар тіршілік нәрін қайта кәдеге жаратудың үлесін 28%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Талғат Момышев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:
- Қабылданған шаралар нақты нәтижелер беріп жатыр. Егер бұрын жыл сайын қамту көлемі 30-35 мың гектарды құраса, 2024-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 150 мың гектарға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылған алқаптар 543,5 мың гектарды құрап, нәтижесінде 874 млн м³ суару суын үнемдеуге мүмкіндік берді. Жалпы 2030 жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 1,3 млн. гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2,2 млрд. м³ суару суын немесе шамамен 30% үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тегтер #су үнемдеу #көрсеткіш #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz