RU
Толық нұсқаға өту

V халықаралық Фараби форумы жабылды

11.04.2026, 19:45 24

Фараби форумының соңғы күні студенттер мен жас зерттеушілер өз жобаларын таныстырды. Бұл - форумдағы ең маңызды бөлімдердің бірі болды.

Жас ғалымдар жаңа технологиялардан бастап, қоғамға пайдалы әлеуметтік жобаларды да қамтыған. Farabi AI орталығының зерттеушілері ұсынған медицина және геофизика саласындағы әзірлемелер өте өзекті. Ең үздік жобалар ерекше аталып өтіп, авторлары форумның жабылу рәсімінде марапатталды. Биыл форумға 105 шетелдік ғалым қатысты. Олар Әл-Фарабидің еңбектерін қазіргі ғылыммен байланыстырып, бірге талқылады.

Сандуғаш Тұрмахан, 4-курс студенті:

- Біздің платформамыз эмбико деген платформа, ол ЭКО клиникаларға арналған. Эмбриондарды жасанды интеллект арқылы зерттейтін платформа. Біздің қазақстандық отандық өнім болып табылады. Бізде ондай платформалар жоқтың қасы. Өте қымбат. Әр дәрігер өздері микроскоппен қарап отыратын суреттерді біздің жасанды интеллект тез арада өзінің эксперттік түсіндірмесін айтады.

Марғұлан Ибраимов, ҚазҰУ проректоры:

- Елуге жуық бастапқы этапта студенттер қатысты. Тек қана студенттер емес, ғылыми топтар жас ғалымдар болды. Бүгін 16 жоба финалға өткенін көрсетіп отыр. Және де университетіміздегі көптеген жас ғалымдар бар студенттер бар, олардың ішінен 16 үздік жас ғалым конкурсынан үздік аталғандарға награда бердік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz