Ел жаңалықтарына ойыссақ. Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі.
12 сәуірде Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы Ұлттық ғылым академиясының құрылуы негіз болды. Содан бері отандық ғалымдардың еңбегі қолдау тауып, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Ғылымды қолдау қазіргі басым бағыт. Кейінгі 5 жылда салаға бөлінген қаржы көлемі 6 есе өсті. Зерттеу университеттерінің саны артты. Жыл сайын жас зерттеушілердің әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына барып, тәжірибе жинап, тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік бар.
Тегтер #күнтізбе #президент #ғылымPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz